Air Astana әуе компаниясы бағдарлық желісін толығымен қалпына келтірді
Бүгіннен бастап әуе компаниясы өзінің бағдарлық желісін толығымен қалпына келтірді. Коломбо, Мале, Пхукет, Лондон, Дубай, Анталия, Тбилиси, Баку, Ташкент, Душанбе және Бішкек қалаларына тұрақты рейстер қайта жаңғыртылды.
Бүгіннен бастап әуе компаниясы өзінің бағдарлық желісін толығымен қалпына келтірді. Коломбо, Мале, Пхукет, Лондон, Дубай, Анталия, Тбилиси, Баку, Ташкент, Душанбе және Бішкек қалаларына тұрақты рейстер қайта жаңғыртылды. Сонымен қатар, әуе компаниясы билеттерді қайтару ережелерін өзгертті. Егер рейс 2022 жылдың 31 қаңтарына дейін жоспарланған болса, 28 ақпанға дейінгі кез келген күнге билетті тегін қайта шығару немесе ақшаны толық қайтару мүмкін. Ақшаны қайтаруға және қайта брондауға өтінішті бастапқы ұшып кетуге дейін 24 сағаттан кеш емес беру керек. Бүгіннен бастап байланыс орталығы сағат 08:00-ден 00:00-ге дейін жұмыс істейді. Алматы және Нұр-Сұлтан әуежайларындағы сату кеңселері тәулік бойы жұмыс істейді.
Шетелде жүрген Қазақстан азаматтары билеттерді сатып алған жерінде немесе мына телефондар арқылы тұрақты рейстерге тегін қайта тапсырыс бере алады: +7 727 244 44 77, +7 717 258 44 77,
+7 702 702 44 77, whats app: +7 702 702 01 48 немесе airastana.com онлайн чатында (сайттың негізгі бетінің төменгі оң жақ бұрышында).