«Эйр Астана» - World Travel Catering & On-board Services Expo 2019 көрмесінің жеңімпазы

1 және 4 cәуір аралығында Гамбургте өткен борттағы тағам мен қызметтердің дүниежүзілік көрмесінде «Эйр Астана» барлық ұсынған санаттарда марапаттарға ие болды.

Әлеумет бизнес және эконом-кластың жол жиынтықтарын, оған қоса балалар жиынтықтарын жоғары бағалады. Балаларға арналған жол жиынтықтары бірден үш беделді марапатты жеңіп алды: Travel Plus, Onboard Hospitality және PAX International. Одан басқа, әуекомпания PAX International салалық басылым оқырмандарының пайымдауынша ТМД елдері арасында «Тасымалдаушының ерекше тағамы 2019» марапатын ұтып алды.

WTCE борттағы тағам, сауда мен жолаушылар қолайлықтары саласындағы басты жаһандық шара. 350 астам жеткізушінің өнімдері мен қызметтері ұсынылатын жылдағы оқиға Гамбургте өткізіледі. Көрмеге 800 астам әуекомпаниялары мен теміржол компаниялары қатысады. WTCE шеңберінде жолаушыларға қызмет көрсету сапасы туралы конференция, ұшақ интерьрі және жолаушы тасымал саласындағы технологиялық шешімдер көрмесі өтеді.