18 ақпан 2026

 

FlyArystan басшылығындағы кадрлық өзгерістер туралы мәлімдеме

 

Алматы, Қазақстан – «Эйр Астана» АҚ (Air Astana, еншілес FlyArystan әуе компаниясымен бірге – «Топ») 2026 жылғы 1 наурыздан бастап FlyArystan бюджеттік әуе компаниясының Президенті лауазымына Йохан Эйдхагеннің тағайындалғанын хабарлайды.

Йохан Эйдхаген FlyArystan компаниясына Wizz Air әуе компаниясынан ауысады. Онда ол бірқатар басшылық қызметтер атқарған, соның ішінде соңғы уақытта Абу-Даби қаласында Wizz Air компаниясының басқарушы директоры қызметін атқарды. Wizz Air құрамында ол кадрлар және ESG жөніндегі атқарушы директор, сондай-ақ маркетинг бойынша атқарушы директор лауазымдарын да иеленген. Wizz Air-ге келгенге дейін ол шамамен он бес жыл бойы Nokia компаниясында әртүрлі елдерде басшылық қызметтерде еңбек еткен.

Йохан Эйдхаген Ричард Леджердің орнына келеді. Ричард Леджер Air Astana Тобында жаңа басшылық қызметке – серіктестіктер мен альянстар жөніндегі вице-президенті лауазымына тағайындалады. China Southern Airlines және Air India әуе компанияларымен жуырда жасалған келісімдерді қоса алғанда, кодшерингтік серіктестіктер Топтың халықаралық қызметін кеңейтуде маңызды рөл атқарады. Ричард осы бағыттағы мүмкіндіктерді дамытуға, өңірдің ірі нарықтарына қолжетімділікті қамтамасыз етуге жауапты болады.

 

Air Astana компаниясының бас атқарушы директоры Питер Фостер:

«Йоханның Wizz Air компаниясындағы кадрларды басқару, ESG және маркетинг салаларындағы басшылық қызметтерде жинақтаған көпжылдық тәжірибесі мен бюджеттік әуе компанияларының бизнес-моделі туралы терең түсінігі FlyArystan-ның жоғары өсу әлеуетін толық іске асыруына жол ашады. Технологиялық инновациялар FlyArystan үшін әрдайым қызмет сапасын арттырудың, баға мен жайлылық арасындағы тепе-теңдікті сақтаудың негізгі элементі болып келді. Йоханның жетекшілігімен бұл бағыт жаңа серпін алып, FlyArystan өңірде және одан тыс өз позициясын нығайта түсетініне сенім мол.

Серіктестіктер мен альянстар жөніндегі вице-президент қызметіне ауысатын Ричардқа алғыс білдіреміз. Ол біздің өсу стратегиямыздың негізгі элементтерінің бірі саналатын кеңейтiлген стратегиялық серіктестіктерді дамыту жұмыстарына жауапты болады.

Сәуір айында бас атқарушы директор қызметіне кірісетін Ибрахим және наурыз айында Топқа қаржы жөніндегі атқарушы директор ретінде қосылатын Гонсалу Пирешпен бірге, Air Astana компаниялар тобы өзінің ұзақ мерзімді даму стратегиясын табысты жүзеге асыруды жалғастыратынына сенімдімін.»

 

Осы хабарландыру инсайдерлік ақпаратты қамтиды. Air Astana атынан осы хабарландырудың жариялануын ұйымдастыруға жауапты тұлға — Саймон Рэй. Осы хабарландыруды жариялау Ұлыбританияның Нарықты теріс пайдалануға қарсы регламентінің (UK Market Abuse Regulation) 17(4)-бабына сәйкес кідірістен кейін мақұлданды.

 

Қосымша ақпарат алу үшін төмендегi контактілер бойынша хабарласуыңызды сұраймыз:

Инвесторлармен байланыстар жөніндегі қызмет

investor.relations@airastana.com

Корпоративтік коммуникациялар жөніндегі департамент

media@airastana.com 

Қаржы медиа сұрақтары бойынша

airastana@fticonsulting.com

 

Air Astana компаниялар тобы туралы

Air Astana компаниялар тобы Орталық Азия мен Кавказ өңірлеріндегі кіріс көлемі мен әуе кемелер саны бойынша ең ірі әуе тасымалдаушы топ. Компания 62 әуе кемесінен тұратын флотты басқарады, ол 2002 жылы алғашқы рейсін орындаған толық қызмет көрсететін Air Astana әуе компаниясы мен 2019 жылы құрылған бюджеттік FlyArystan әуе компаниясына бөлінген. Компания тұрақты, тіке және транзиттік, қысқа және ұзақ қашықтықтағы жолаушылар мен жүк тасымалын жүзеге асырады. Маршруттық желісі Орталық Азия, Кавказ, Қиыр Шығыс, Таяу Шығыс, Үндістан және Еуропаны қамтиды. Air Astana Skytrax рейтингі бойынша Орталық Азия және ТМД-дағы ең үздік әуе компаниясы атағын 14 мәрте иеленді және қатарынан 9 рет Орталық Азия мен ТМД-дағы ең үздік әуе компания қызметі марапатына лайық танылды. FlyArystan үш рет Skytrax сыйлығы бойынша Орталық Азия мен ТМД-дағы ең үздік бюджеттік әуе компаниясы атанды. Сонымен қатар, Air Astana Airline Passenger Experience Association (APEX) тарапынан ірі әуе компаниялар санатында бес жұлдызды рейтингке ие болды. Компания Қазақстан қор биржасында (KASE), Астана халықаралық биржасында (AIX) және Лондон қор биржасында (LSE) AIRA тикерімен листингке енгізілген.