Ресейге рейстер
Air Astana компаниялар тобы өндірістік себептері бойынша Қазақстаннан Ресей Федерациясына бірқатар рейсті уақытша тоқтатуға мәжбүр.
Air Astana компаниялар тобы өндірістік себептері бойынша Қазақстаннан Ресей Федерациясына бірқатар рейсті уақытша тоқтатуға мәжбүр. Қазіргі таңда рейстер Алматы мен Нұр-Сұлтаннан Мәскеуге орындалуда.
Air Astana компаниялар тобы өндірістік мәселелерді тезірек шешу үшін бар күшін салуда. Мәселе оң шешімін тапқан жағдайда Air Astana мен FlyArystan Ресей қалаларына келесі аптаның басында рейстерді жандандырады.