15 қаңтар 2026

Акционерлердің кезектен тыс жиналысының қорытындысы

Алматы, Қазақстан – «Эйр Астана» акционерлiк қоғамы («Компания» және оның еншілес кәсіпорны FlyArystan-мен бірге «Топ»), табыс пен әуе паркі көлемі бойынша Орталық Азия мен Кавказ аймағындағы ең ірі әуе компаниялар тобы, 2026 жылғы 15 қаңтарда өткен акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысында Компания The Boeing Company компаниясымен 2032–2035 жылдары жеткізілуі жоспарланған бес Boeing 787-9 («нақты тапсырыс») типті әуе кемесін сатып алу жөніндегі, Компания активтерінің жалпы баланстық құнының елу (50) және одан да көп пайызын құрайтын сомаға сатып алу жөнінде, сондай-ақ Boeing 787-9 типті әуе кемелерін сатып алу бойынша бес расталған опциондық құқық пен бес расталған сатып алу құқығын алу және Компанияның Бас атқарушы директорына осы шешімді іске асыру мақсатында барлық қажетті әрекеттерді жүзеге асыруға өкілеттік берілуi туралы шешім қабылданғанын хабарлайды.

Қосымша ақпарат алу үшін төмендегi контактілер бойынша хабарласуыңызды сұраймыз:

 

Инвесторлармен байланыстар жөнінідегі қызмет

 

investor.relations@airastana.com

 

Корпоративтік

коммуникациялар жөніндегі департамент

 

media@airastana.com 

 

Air Astana компаниялар тобы туралы

Air Astana компаниялар тобы Орталық Азия мен Кавказ өңірлеріндегі кіріс көлемі мен әуе кемелер саны бойынша ең ірі әуе тасымалдаушы топ. Компания 62 әуе кемесінен тұратын флотты басқарады, ол 2002 жылы алғашқы рейсін орындаған толық қызмет көрсететін Air Astana әуе компаниясы мен 2019 жылы құрылған бюджеттік FlyArystan әуе компаниясына бөлінген. Компания тұрақты, тіке және транзиттік, қысқа және ұзақ қашықтықтағы жолаушылар мен жүк тасымалын жүзеге асырады. Маршруттық желісі Орталық Азия, Кавказ, Қиыр Шығыс, Таяу Шығыс, Үндістан және Еуропаны қамтиды. Air Astana Skytrax рейтингі бойынша Орталық Азия және ТМД-дағы ең үздік әуе компаниясы атағын 14 мәрте иеленді және қатарынан 9 рет Орталық Азия мен ТМД-дағы ең үздік әуе компания қызметі марапатына лайық танылды. FlyArystan үш рет Skytrax сыйлығы бойынша Орталық Азия мен ТМД-дағы ең үздік бюджеттік әуе компаниясы атанды. Сонымен қатар, Air Astana Airline Passenger Experience Association (APEX) тарапынан ірі әуе компаниялар санатында бес жұлдызды рейтингке ие болды. Компания Қазақстан қор биржасында (KASE), Астана халықаралық биржасында (AIX) және Лондон қор биржасында (LSE) AIRA тикерімен листингке енгізілген.