Алматы, Қазақстан – «Эйр Астана» акционерлiк қоғамы («Компания» және оның еншілес кәсіпорны FlyArystan-мен бірге «Топ»), табыс пен әуе паркі көлемі бойынша Орталық Азия мен Кавказ аймағындағы ең ірі әуе компаниялар тобы, 2026 жылғы 9 ақпан өткен акционерлердің жылдық жалпы жиналысында келесі шешімдер қабылданғанын хабарлайды.

10 ақпан 2026

 

Акционерлердің кезектен тыс жиналысының қорытындысы

 

Алматы, Қазақстан – «Эйр Астана» акционерлiк қоғамы («Компания» және оның еншілес кәсіпорны FlyArystan-мен бірге «Топ»), табыс пен әуе паркі көлемі бойынша Орталық Азия мен Кавказ аймағындағы ең ірі әуе компаниялар тобы, 2026 жылғы 9 ақпан өткен акционерлердің жылдық жалпы жиналысында келесі шешімдер қабылданғанын хабарлайды.

  1. «Эйр Астана» АҚ Airbus S.A.S компаниясымен жеткізілуі 2031–2034 жылдарға жоспарланған Airbus A320N типті 5 (бес) әуе кемесін («нақты тапсырыс») және Airbus A321NX типті 20 (жиырма) әуе кемесін («нақты тапсырыс») сатып алу бойынша, «Эйр Астана» АҚ активтерінің баланстық құнының жалпы мөлшерінің елу және одан да көп пайызын құрайтын сомаға сатып алу жөнінде, сондай-ақ Airbus A320neo әуе кемелері тобының қосымша 25 (жиырма бес) әуе кемесін сатып алуға расталған құқықтарды иеленуге ірі мәміле жасассын.
  2. «Эйр Астана» АҚ Директорлар кеңесі мүшелерінің Сыйақы саясаты жаңа редакцияда бекітілсін. «Эйр Астана» АҚ Директорлар кеңесі мүшелерінің Сыйақы саясатының ережелері 2025 жылғы 01 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылатыны белгіленсін.
  3. «Эйр Астана» АҚ Директорлар кеңесі 2026 жылғы 09 ақпаннан 2028 жылғы 30 мамырға дейінгі мерзімге 9 (тоғыз) мүшеден тұратын келесі құрамда сайлансын (қайта сайлансын):
  • Жакупов Нурлан Каршагович – «Самұрық-Қазына» АҚ акционерінің өкілі;
  • Рыскулов Айдар Кайратович – «Самұрық-Қазына» АҚ акционерінің өкілі;
  • Таубаев Бахытжан Рыспекович – «Самұрық-Қазына» АҚ акционерінің өкілі;
  • Абдразаков Ельдар Советович – «Эйр Астана» АҚ тәуелсіз директоры;
  • Асанов Дияс Рахимжанович – «Эйр Астана» АҚ тәуелсіз директоры;
  • Гарри Роберт Кингшотт – «Эйр Астана» АҚ тәуелсіз директоры;
  • Джанет Эллен Хэкман – «Эйр Астана» АҚ тәуелсіз директоры;
  • Кит Гэбел – «Эйр Астана» АҚ тәуелсіз директоры;
  • Питер Уильям Фостер – «Эйр Астана» АҚ Бас атқарушы директоры (2026 жылғы 31 наурызға дейін);
  • Ибрахим Жанлыел – «Эйр Астана» АҚ Бас атқарушы директоры (2026 жылғы 01 сәуірден бастап).
  1. Жакупов Нурлан Каршагович мырза «Эйр Астана» АҚ акционерлерінің жалпы жиналысы «Эйр Астана» АҚ Директорлар кеңесінің келесі құрамын сайлағанға дейінгі мерзімге, «Эйр Астана» АҚ Директорлар кеңесінің Төрағасы болып сайлансын.
  2. «Эйр Астана» АҚ тәуелсіз директорларына сыйақы мен өтемақы төлеу мөлшері мен шарттары бекітілсін. Осы шешім «Эйр Астана» АҚ тәуелсіз директорларына сыйақы мен өтемақыларды төлеуге байланысты 2025 жылғы 01 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылатыны белгіленсін.

 

Қосымша ақпарат алу үшін төмендегi контактілер бойынша хабарласуыңызды сұраймыз:

Инвесторлармен байланыстар жөнінідегі қызмет

investor.relations@airastana.com

Корпоративтік коммуникациялар жөніндегі департамент

media@airastana.com 

Медиа

airastana@fticonsulting.com

 

Air Astana компаниялар тобы туралы

Air Astana компаниялар тобы Орталық Азия мен Кавказ өңірлеріндегі кіріс көлемі мен әуе кемелер саны бойынша ең ірі әуе тасымалдаушы топ. Компания 62 әуе кемесінен тұратын флотты басқарады, ол 2002 жылы алғашқы рейсін орындаған толық қызмет көрсететін Air Astana әуе компаниясы мен 2019 жылы құрылған бюджеттік FlyArystan әуе компаниясына бөлінген. Компания тұрақты, тіке және транзиттік, қысқа және ұзақ қашықтықтағы жолаушылар мен жүк тасымалын жүзеге асырады. Маршруттық желісі Орталық Азия, Кавказ, Қиыр Шығыс, Таяу Шығыс, Үндістан және Еуропаны қамтиды. Air Astana Skytrax рейтингі бойынша Орталық Азия және ТМД-дағы ең үздік әуе компаниясы атағын 14 мәрте иеленді және қатарынан 9 рет Орталық Азия мен ТМД-дағы ең үздік әуе компания қызметі марапатына лайық танылды. FlyArystan үш рет Skytrax сыйлығы бойынша Орталық Азия мен ТМД-дағы ең үздік бюджеттік әуе компаниясы атанды. Сонымен қатар, Air Astana Airline Passenger Experience Association (APEX) тарапынан ірі әуе компаниялар санатында бес жұлдызды рейтингке ие болды. Компания Қазақстан қор биржасында (KASE), Астана халықаралық биржасында (AIX) және Лондон қор биржасында (LSE) AIRA тикерімен листингке енгізілген.