Жаңа жиіліктер мен рейстер
Алматыдан Ыстамбулға 11 қазаннан бастап ұшу жиілігі аптасына 3 -тен 5 рейске дейін артады және рейстер сәрсенбі және
Алматыдан Ыстамбулға 11 қазаннан бастап ұшу жиілігі аптасына 3 -тен 5 рейске дейін артады және рейстер сәрсенбі және бейсенбі күндерден басқа орындалады. Ал 9 қазаннан бастап Нұр-Сұлтаннан Ыстамбулға екі қосымша жиілік енгізілген. Осылайша, аптасына сәрсенбі, бейсенбі және сенбі күндері қатынайды. Сондай-ақ 9 қазаннан бастап сенбі күндері Нұр-Сұлтаннан Санкт-Петербургке тұрақты рейс қайта орындалады.
Бұдан басқа 23 қазаннан Алматыдан Дубаиға қосымша 3 рейс іске қосылады. Яғни күнделікті орындалатын рейстерге жұма, сенбі және жексенбі күндері тағы бір рейс енгізіледі. Осылайша, аптасына 10 рейс қатынайды. Ал Нұр-Cұлтаннан Дубаиға 1 қарашадан бастап ұшақ аптасына 5 рейстің орнына күнделікті қатынайды.
Cонымен қатар, 31 қазаннан әуекомпаниясы Алматыдан Пхукет (Таиланд) аралына тікелей тұрақты рейсті іске қосады. Airbus A321 LR ұшағы аптасына 2 рет бейсенбі және жексенбі күндері қатынайды. Пхукетке кіру талаптарымен https://airastana.com/kaz/kk-KZ/Брондау-және-басқару/Брондау/Арнайы-ұсыныстар/Пхукетке-ұшатын-рейстер сілтемесінен біле аласыздар.