Израильдегі тұрақсыз жағдайға байланысты Air Astana әуекомпаниясы кесте бойынша ертеңге жоспарланған Тель-Авивке рейсі Бен-Гурион әуежайының қауіпсіздігі сақталған жағдайда орындалады деп хабарлайды

Израильдегі тұрақсыз жағдайға байланысты Air Astana әуекомпаниясы кесте бойынша ертеңге жоспарланған Тель-Авивке рейсі Бен-Гурион әуежайының қауіпсіздігі сақталған жағдайда орындалады деп хабарлайды. Тель-Авивке кейінгі барлық рейстер қосымша ескертуге дейін тоқтатылды. 

Air Astana сондай-ақ Тель-Авив рейстеріне билеттерді сатуды уақытша тоқтатты. Билеттерді алдын ала алған бірақ Израильдегі жағдайға байланысты сапарларынан бас тартқысы келетін жолаушыларға әуекомпания билеттерді сатып алған жерден толық қайтаруды ұсынады. 

Әуе тасымалдаушысы Израильдегі жағдайды мұқият бақылайды. Рейстердің мәртебесін https://airastana.com/kaz/kk-kz/Ақпарат/Әуежайда/Рейс-статусы сілтеме арқылы, ал билетті қайтару мәселесі бойынша https://help.airastana.com/hc/kk/requests/new?ticket_form_id=10101484757522 хабарласуды сұраймыз.