«Эйр Астана» Airbus A320 NEO тобы ұшақтарының жеткізілімі туралы келісім-шарт жасады
Қазақстанның жетекші әуетасымалдаушысы A321neo LR ұзақ қашықтағы ұшаққа біріншілер қатарында тапсырыс жасады.
«Эйр Астана» 16 маусымда 2 А320neo, 1 A321neo және 4 A321neo LR (ұзақ қашықтағы) тұратын Airbus A320 neo топтың 7 әуе кемесінің жеткізілімі туралы келісім-шарт жасады. Жаңа ұшақтар Air Lease Corporation (Лос-Анжелес, АҚШ) компаниясынан операциялық лизингке алынады. Бірінші А320neo жеткізілімі 2016 жылдың көктеміне жоспарланған, қалған алтауы 2018 және 2019 жылдары келмек.
А320neo әуелайнерлері ішкі маршруттық желісі бойынша, халықаралық бағыттар бойынша Қытайға, Үндістанға, Ресейге және БАЭ ұшуларды орындайды. Бұдан басқа А321neo LR лайнері алыс рейстер жасай алады, соның ішінде Астанадан Лондонға, Алматыдан Бангкок, Хошимин және Гонконг қалаларына. А320neo бизнес-класында 16 орын, эконом-класында 132 орын, А321neo ұшағында, тиісінше, 28 және 151 орын, А321neo LR ұшағында, тиісінше, 16 толық жатын орын және 150 орын бар. Барлық жаңа әуе кемелері бизнес және эконом-кластарында дербес ойын-сауық жүейлерімен жабдықталады.
«Airbus A320 соңғы 9 жылда пайдаланымдағы ерекше сипаттамаларды көрсетті және тартымды пішінімен, төмен операциялық шығындарымен, жоғары сенімділігімен әрі қауіпсіздіктің жоғары көрсеткіштерімен ерекшеленеді», - деді «Эйр Астана» президент Питер Фостер. «А320neo жайлылықтағы, үнемділіктегі және операциялық мүмкіндіктердегі айтарлықтай жақсартуларды қамтиды, әсіресе Азияға және Еуропаға алыс рейстерде.
«Эйр Астана» тұрақты рейстерді 2002 жылдың 15 мамырында орындай бастады және қазір 60 астам халықаралық және ішкі рейстерден тұратын маршруттық желіге ие. Компанияның әуе флоты батыс елдерде өндірілген Boeing 767-300ER, Boeing 757-200, Airbus A320 және Embraer E190 түріндегі 30 ұшақтан тұрады. «Эйр Астана» ТМД және Шығыс Еуропа елдеріндегі тасымалдаушылардың арасында Skytrax халықаралық агенттігінің 2012 жылы беделді 4 жұлдызды рейтингін және «Орталық Азиядағы және Үндістандағы ең үздік әуе компания» сыйлығын алған алғашқы компания болды. Екі сыйлық та 2013, 2014, 2015 жылдары расталды. 2015 жылы Air Transport World беделді сыйлығының лауреаты болып атанды.
«Эйр Астана» Қазақстан Республикасының «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорының және BAE Systems компаниясының 51% және 49% тиісті үлестері бар бірлескен кәсіпорны болып табылады.