«Эйр Астана» - APEX сыйлығының «Орталық Азия» аймағындағы жеңімпаз
Әуекомпания APEX (Airline Passenger Experience Association) жолаушыларының дауыс беру қорытындысы бойынша Орта Азия аймағында «Тамақ, сусындар және борттағы ойын-сауық жүйесі» үшін үздік атанды.
Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі 2019 жылы 13 қарашада Сингапурде өтті.
Әуе компаниялардың рейтингісі тәуелсіз сыртқы аудиторлық компания верификациялайтын әуе жолаушыларының онлайн-пікірлеріне негізделген. Әлемнің 600 әуе компаниясы арасында барлығы миллионнан астам рейс қамтылды. Жолаушылар Таяу Шығыс, Азия және Мұхит елдерінің әуе тасымалдаушыларын 5 ұпайлық шкала бойынша бағалады: креслолардың жайлылығы, борттағы қызмет көрсету, тамақтану және сусындар, ойын-сауық жүйесі және wi-fi қызметі.
APEX сыйлығы – әлем бойынша жолаушыларға қызмет көрсету деңгейін бағалайтын Skytrax еуропалық рейтинг агенттігінің американдық аналогы. Рейтинг әуе саласындағы беделдінің бірі болып саналады.
Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылдың қыркүйегінде «Эйр Астана» «Ірі әуе компаниялар» номинациясы бойынша АРЕХ-тың 5 жұлдызын қатарынан екінші рет алды.