«Эйр Астана» Skytrax World Airline Awards сыйлығының жеті дүркін лауреаты атанды

«Эйр Астана» әуекомпаниясы тағы да 4 жұлдызды рейтингісіне және Skytrax World Airline Awards беделді сыйлығы бойынша “Орталық Азия мен Үндістандағы үздік әуекомпания” атағына жетінші рет ие болды.

Марапаттау рәсімі 2018 жылғы 17 шілдесінде Лондондағы Langham қонақ үйінде өтті.

Skytrax компаниясының әлемдік беделге ие жүлдесі жыл сайын жолаушылардың әуекомпания қызметіне қанағаттанушылығы деңгейін өлшеу нәтижесінде анықталады. 10 ай ішінде 19 миллионнан астам жолаушы 10 ай ішінде жердегі және борттағы қызмет көрсету туралы сауалнамаға жауап берген. Сауалнамада тіркелу, отырғызу, салон тазалығы мен ыңғайлылығы, тағамдар мен сусындар, ойын-сауық жүйесі мен борттық қызмет көрсету баға берілген. Зерттеу 200 ірі халықаралық және шағын жергілікті әуетасымалдаушыларды қамтыған.

«Эйр Астана» президенті Питер Фостер: «Біз үшін осы марапатты алу үлкен құрмет. Біздің жұмысымызға осындай баға беру өте маңызды және бағалы, өйткені жолаушыларымыздың дербес таңдауында негізделеді. Біз оларға шын жүректен ризамыз және олармен ұшағымызда қауышуымызға қуаныштымыз. Сондай-ақ, әуекомпания қызметкерлеріне алғыс айтқым келеді. Олар әрдайым жоғары сапалы қызмет көрсету үшін күнделікті жұмысында барын салады. Қызмет көрсетудің одан арғы жоғарғы стандарттарына жету үшін жетілдіру жұмыстарын жалғастырамыз”.