«Эйр Астана» АҚ акционерлердің ұлттық тиесілігі туралы ақпаратты жариялауы туралы талабы

«Эйр Астана» АҚ акционерлердің ұлттық тиесілігі туралы ақпаратты жариялауы туралы талабы

«Эйр Астана» акционерлік қоғамы («Қоғам»), «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі № 339–IV Қазақстан Республикасы Заңының («Әуе кеңістігін пайдалану туралы заң») 74-1-бабының және Қоғам Жарғысының 8.1-бабының ережелерін басшылыққа ала отырып, осы талапты жіберу (жариялау) арқылы 2024 жылғы 30 сәуірдегі жағдай бойынша Қоғамның жай акцияларын және (немесе) Қоғамның жай акцияларына қатысты құқықтарды куәландыратын жаһандық депозитарлық қолхаттарын («ЖДҚ») иеленетін әрбір адамнан («Акционер») Қоғамға акционердің өзінің азаматтығы (инкорпорация елі), сондай-ақ осы талаптың қосымшасына сәйкес «Акционердің түпкі меншік иелері көрсетілген мәліметтер» нысаны бойынша осындай акционерге қатысты бақылауды жүзеге асыратын түпкі меншік иелерінің азаматтығы туралы («Ұлттық тиесілігі туралы ақпарат»).[1]

 

«Акционердің түпкі меншік иелері көрсетілген мәліметтер» нысанын толтыру мысалы Қоғамның интернет-ресурсында келтірілген: Толтырылған нысан мысалы

 

Акционер Қоғамға Ұлттық тиесілігі туралы ақпаратты 2024 жылғы [24 мамырдан] кешіктірмей қазақ немесе орыс немесе ағылшын тілінде Қоғамның электрондық поштасына жіберуге тиіс: investor.relations@airastana.com

 

 

Қоғам Әуе кеңістігін пайдалану туралы заңның 74-1-бабының 4 және 5-тармақтарының және Қоғам Жарғысының 8.8 және 8.9-тармақтарының ережелеріне сәйкес еске салады:

 

  1. акционер ұлттық тиесілігі туралы ақпаратты ішінара немесе толық ұсынбаған жағдайда, мұндай Акционер: (1) Қоғам акционерлерінің жалпы жиналысының («АЖЖ») кворумын айқындау кезінде ескерілмейді; және (2) АЖЖ-да дауыс беруге және (немесе) қаралатын мәселелерді талқылауына қатысуға құқығы жоқ.

 

  1. акционер шешім қабылдағаннан кейін анық информациистігі анықталатын дәйексіз ақпарат берген жағдайда: (1) егер мұндай шешімге көпшілік дауыс беруші акциялар дауыс берсе (дұрыс емес ақпарат берген акционердің дауыс беретін акцияларын есепке алмағанда), АЖЖ шешімі кворумның болуы жөніндегі талаптар сақталған кезде көрсетілген акционердің дауыстарын есепке алмай қабылданған болып есептеледі; және (2) егер дұрыс емес ақпарат берген акционердің дауысы шешуші болған жағдайда, бұл мән-жай АЖЖ-ның тиісті шешімін жарамсыз деп тану үшін негіз болып табылады.

 

Осы талапқа байланысты кез келген мәселелер бойынша Қоғамның электрондық поштасына хабарласуыңызды өтінеміз: investor.relations@airastana.com

 

«Акционердің түпкі меншік иелері көрсетілген мәліметтер» нысаны: Қосымша

 

[1] Қоғам тиісті мүмкіндік болған кезде «Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі» Акционерлік Қоғамының инфрақұрылымын пайдалана отырып, Акционердің ұлттық тиесілігі туралы ақпарат алу құқығын өзіне қалдырады. Алайда, бұл құқық Акционерді осы талапты орындаудан босатпайды.