Алматы, Қазақстан – «Эйр Астана» АҚ («Компания», және еншілес компаниясы FlyArystan-мен бірге «Топ») Директорлар кеңесі Питер Фостер 2026 жылдың наурызының соңында Бас атқарушы директор және Директорлар кеңесінің мүшесі қызметтерінен кететінін хабарлайды. Мырза Фостер Компаниямен байланысын сақтап, Директорлар кеңесінің аға кеңесшісі ретінде өз қызметін жалғастырады. Қаржы жөніндегі атқарушы директор Ибрахим Жанлыел осы кезеңде Бас атқарушы директор қызметіне тағайындалатын болады.

«Эйр Астана» АҚ Бас атқарушы директорына қатысты хабарлама

Алматы, Қазақстан – «Эйр Астана» АҚ («Компания», және еншілес компаниясы FlyArystan-мен бірге «Топ») Директорлар кеңесі Питер Фостер 2026 жылдың наурызының соңында Бас атқарушы директор және Директорлар кеңесінің мүшесі қызметтерінен кететінін хабарлайды. Мырза Фостер Компаниямен байланысын сақтап, Директорлар кеңесінің аға кеңесшісі ретінде өз қызметін жалғастырады.

Қаржы жөніндегі атқарушы директор Ибрахим Жанлыел осы кезеңде Бас атқарушы директор қызметіне тағайындалатын болады.

«Эйр Астана» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы Нұрлан Жақұпов:

Директорлар кеңесі Питер Фостерге Компанияны 20 жыл бойы басқарудағы ерен еңбегі үшін шын жүректен алғыс білдіреді – ол Компанияны құрылған кезеңінен бастап бүгінгі таңда Қазақстан мен Орталық Азияның жетекші әуе компаниясына және әлемдік авиация саласында мойындалған брендке дейін жеткізді.

Директорлар кеңесі Ибрахим Жанлыелдің Бас атқарушы директор қызметіне тағайындалуын құптайды. Мырза Жанлыел 2003 жылдан бері Air Astana тобының құрамында жұмыс істеп келеді: бастапқыда коммерциялық бағыттағы басшылық қызметтерді атқарып, 2017 жылдан бері қаржы жөніндегі атқарушы директоры лауазымын иеленіп келеді. Оның Компанияның дамуына қосқан үлесі зор, әрі ол Топтың қызметі мен жалпы авиация саласы бойынша мол тәжірибеге ие.

Директорлар кеңесі оның басшылығымен Компанияның өсуі мен жаңа жетістіктерге жететініне толық сенімді.

Осы хабарламада инсайдерлік ақпарат бар. «Эйр Астана» АҚ атынан осы хабарламаны дайындауға және жариялауға жауапты тұлға – Саймон Рэй. Бұл хабарламаны жариялауға Ұлыбританияның Нарықтағы теріс пайдалануға қарсы реттеу қағидаларының (UK Market Abuse Regulation) 17(4)-бабына сәйкес кідірістен кейін рұқсат берілді.

Қосымша ақпарат алу үшін:


Инвесторлармен байланыстар жөнінідегі қызмет:
investor.relations@airastana.com           

Медиа: airastana@vigoconsulting.com

 

Air Astana компаниялар тобы туралы:

Air Astana компаниялар тобы Орталық Азия мен Кавказ өңірлеріндегі кіріс көлемі мен әуе кемелер саны бойынша ең ірі әуе тасымалдаушы топ. Компания 61 әуе кемесінен тұратын флотты басқарады, ол 2002 жылы алғашқы рейсін орындаған толық қызмет көрсететін Air Astana әуе компаниясы мен 2019 жылы құрылған бюджеттік FlyArystan әуе компаниясына бөлінген. Компания тұрақты, тіке және транзиттік, қысқа және ұзақ қашықтықтағы жолаушылар мен жүк тасымалын жүзеге асырады. Маршруттық желісі Орталық Азия, Кавказ, Қиыр Шығыс, Таяу Шығыс, Үндістан және Еуропаны қамтиды. Air Astana Skytrax рейтингі бойынша Орталық Азия және ТМД-дағы ең үздік әуе компаниясы атағын 14 мәрте иеленді және қатарынан 9 рет Орталық Азия мен ТМД-дағы ең үздік әуе компания қызметі марапатына лайық танылды. FlyArystan үш рет Skytrax сыйлығы бойынша Орталық Азия мен ТМД-дағы ең үздік бюджеттік әуе компаниясы атанды. Сонымен қатар, Air Astana Airline Passenger Experience Association (APEX) тарапынан ірі әуе компаниялар санатында бес жұлдызды рейтингке ие болды. Компания Қазақстан қор биржасында (KASE), Астана халықаралық биржасында (AIX) және Лондон қор биржасында (LSE) AIRA тикерімен листингке енгізілген.