"Эйр Астана" бортта кең жолақты жылдам байланысты енгізеді
Әуе компаниясы «Боинг-767» ұшақтарында Rockwell Collins|Inmarsat GX әуе жүйесін енгізіп жатыр.
Енді «Эйр Астана» жолаушылары «Боинг-767» әуе лайнерлерінің борттарында кең жолақты жоғары жылдамдықты желіге қол жеткізді. Әуекомпаниясы Inmarsat’s Global Xpress (GX) Aviation мүмкіндіктерін пайдаланатын Rockwell Collins кабина жүйесін орнатты.
Жаңа қызмет, жолаушыларға интернетке қосылуына, лезде хабарлама алмасу үшін әртүрлі қолданбаларды қолдануға, әлеуметтік желілерге кіруге, аудио тыңдауға және дербес компьютерлер, планшеттер, смартфондар арқылы поштаны тексеруге мүмкіндік береді. Қызмет, «Боинг-767» ұшақтарының үшеуінде де эконом-класс және бизнес-класс салондарында қол жетімді болады.
«Эйр Астана» жолаушыларының таңдауына үш интернет пакеті ұсынылады. "Старт" 15 МБ, "Бизнес" 50 МБ, "Cупер" 100 МБ – бағалары тиісінше 1500, 4500 және 7500 теңгеден. Орташа қосылу жылдамдығы – секундына 2 Мб-тан 5 Мб-қа дейін.
«Эйр Астана» АҚ-ның коммерциялық және инженерлік шешімдер жөніндегі менеджері Андрей Гулев: «Эйр Астана» әуе компаниясының негізгі мақсаттарының бірі, ең жаңа технологияларды қолдану және жер бетінде болсын, бортта болсын, жолаушылардың талап-тілектерін әрдайым алдын-ала сезіп отыру. Біз Rockwell Collins-пен бірге Inmarsat's Global Xpress жоғары жылдамдықты жүйесін енгізген алғашқы әуе компанияларының біріне айналдық. Бұл қызметтің іске қосылуға дайын болғанына және клиенттеріміздің ұшу уақытында пошта арқылы хат алмасу мен достармен әлеуметтік желілерде тілдесу қолайлығының жақсы жақтарын бағалай алатындарына бақыттымыз».
Inmarsat Aviation стратегиялық және бизнес дамуы жөніндегі аға вице-президенті Фредерик ван Эссен: «GX Aviation - бұл жылдамдығы, сенімділігі мен тұрақтылығы жағынан теңдессіз, арнайы кең жолақты байланысты бортта қамтамасыз ету үшін әзірленген, бүгінгі күннің нарықтағы бірегей өнімі. «Эйр Астана» кең фюзеляжды ұшақтарда мұндай байланысты әлемде ең алғашқы болып ұсынады және инновациялық технологиялар мен қызмет көрсетудің жоғары сапасына көңіл бөледі. Бұл, «Эйр Астана» әуе компаниясы мен серіктесіміз Rockwell Collins компаниясын қоса алғанда, бәріміз үшін елеулі оқиға болды".
2017 жылдың қазанында «Боинг-767» екінші ұшағында да жаңа қызмет түріне қол жеткізуге болады.