«Эйр Астана» тұңғыш A321neo ұшағы келді
Қазақстанның ұлттық әуе тасымалдаушысы Гамбургтегі Airbus зауытында шығарылған А321neo тұңғыш ұшақты қабылдады.
Әуе компания 3 Airbus A321neo және 1 Airbus A320neo ұшақтарды жеткізілім келесімі шегінде AerCap компаниясынан операциялық лизингке бір ұшақты алды.
A321neo ұшағында 28 орын бизнес-класта және 151 орын эконом-класта бар. Ұшақтың әрбір креслосы дербес ойын-сауық жүйесімен жабдықталған. Әуе кемесі ішкі және халықаралық бағыттарыңда ұшатын болады.
Қазіргі сәтте «Эйр Астана» компаниясы 2016 жылда жеткізілген А320 тобының 13 бірлігін және бір А320neo ұшағын пайдалануда. 2020 жылға дейін әуе тасымалдаушы А320neo тобындағы ұшақтар саның 17-ге дейін жеткізуді жоспарлауда.
Airbus A320NEO тобының ұшақтары тар фюзеляжды реактивті жаңа буын ұшақтарына жатады. Әуе кемелері Pratt & Whitney қозғалтқыштармен және отынды 15% үнемдейтін қанат ұштарымен жабдықталған. А320NEO өз тобында ең тыныш ұшағы болып табылады, сондай-ақ жайлы салонымен, сыйымды жүк сөрелерімен және светодиодтық технология негізіңде жаңа жарық жүйесімен ерекшеленеді.