Ішкі аудит қызметі
Ішкі аудит қызметі
"Эйр Астана" АҚ (Компания) Ішкі аудит қызметі Компанияның Директорлар кеңесінің шешімімен 2007 жылдың желтоқсан айында құрылды.
Ішкі аудит қызметі Компаниядағы ішкі аудит қызметін ұйымдастыратын және жүзеге асыратын және Директорлар кеңесіне тікелей есеп беретін тәуелсіз бөлімше болып табылады. Ішкі аудит қызметінің іс-әрекетіне Аудит жөніндегі Комитет жетекшілік етеді.
Ішкі аудит қызметінің миссиясы тәуекелге бағытталған тәсіл негізінде объективті аудит жүргізу, ұсыныстар беру және білім алмасу арқылы Компанияның құнын сақтау және арттыру болып табылады.
Ішкі аудит қызметінің мақсаты Компанияның құндылығын арттыруға және қызметін жақсартуға бағытталған тәуелсіз және объективті аудиторлық тексерулер мен консультациялық тапсырмаларды орындау болып табылады.
Ішкі аудит бойынша қызметті жүзеге асыру
Өз жұмысында Ішкі аудит қызметі келесі ішкі нормативтік құжаттарын басшылыққа алады:
- Қазақстан Республикасының заңнамасын;
- Компания Жарғысын;
- Ішкі аудиторлар институтының Әдеп кодексін, ішкі аудиттің халықаралық кәсіби стандарттарын, Ішкі аудиторлар институтының ішкі аудиттің кәсіби практикасының негізгі қағидаттарын;
- Ішкі аудит қызметі туралы ережесін, Ішкі аудит жөніндегі нұсқаулығын және Компанияның басқа да қолданылатын ішкі нормативтік құжаттарын басшылыққа алады.
Ішкі аудит қызметінің іс-әрекеті Директорлар Кеңесі бекіткен жылдық аудиторлық жоспарға сәйкес жүзеге асырылады.
Аудиторлық тапсырмаларды жоспарлау және жүзеге асыру, тапсырмалар бойынша деректерді сақтау, сондай-ақ Ішкі аудит қызметі ұсыныстарын орындалу мәртебесін қадағалау үшін «TeamMate+» бағдарламалық құралы пайдаланылады.
Ішкі аудит қызметі аудиторлық тексерулер мен консультациялар жүргізудің тәсілдері мен әдістерін жақсарту бойынша үздіксіз жұмыс істеуде. Ішкі аудит қызметі ең жоғары тиімділікке жету үшін өз міндеттерін жүзеге асыруда икемді тәсілдерді қолданады. Байқаулар мен ұсыныстардың сапасын арттыру мақсатында аудиторлық тапсырмаларды жүргізу саласын таңдауы тәуекелдерді бағалау негізінде жүргізіледі, сондай-ақ анықталған кемшіліктердің түпкі себептерін талдауға міндетті болып табылады. Сонымен қатар, Ішкі аудит қызметі өзінің бақылаулары мен ұсыныстарын дәлірек және түсінікті ету үшін аудиторлық есептердің стилі мен мазмұнын жақсарту үшін жұмыс істейді.
Стандарттарға сәйкестік
2022 жылы қараша айында Iшкі аудит қызметі ішкі аудиттің халықаралық кәсіби стандарттарына және Ішкі аудиторлар институты әзірлеген Әдеп кодексіне сәйкестігіне сыртқы бағалаудан сәтті өтті.
Бұл бағалауды "КПМГ Такс энд Эдвайзори" аудиторлық компаниясы жүргізді, ол Iшкі аудит қызмет іс-әрекетінің ішкі аудиттің халықаралық кәсіби стандарттарына және Әдеп кодексіне толық сәйкестігін растады.
"КПМГ Такс энд Эдвайзори" компаниясы Ішкі аудит қызметінің оң жақтарына келесіні жатқызды:
- Ішкі аудит қызметінің кәсібилігін үздіксіз жетілдіру;
- жылдық аудиторлық жоспардың толық орындалуы;
- ақпараттың жеткілікті көлемінің мазмұны бар жақсы құрылымдалған жұмыс құжаттамасы, сондай-ақ сапалы құрылымдалған аудиторлық есептер;
- аудиторлық рәсімдерді автоматтандыру үшін мамандандырылған бағдарламалық қамтамасыз етуді табысты пайдалану.
Бұл бағалау Ішкі аудит қызметінің тиімді және нәтижелі жұмысының және Компанияның құрылымдық бөлімшелерімен жемісті өзара қарым-қатынастың дәлелі болып табылады.