«Эйр Астана »АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысын өткізу туралы хабарлама
«Эйр Астана» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – «Эйр Астана» АҚ немесе «Қоғам»), атқарушы органының орналасқан жері – Қазақстан Республикасы, 050039, Алматы қаласы, Түрксіб ауданы, Закарпатская көшесі, 4А, 2026 жылғы 15 қантарда өтетін Қоғам директорлар кеңесінің «Эйр Астана» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысын шақыру туралы шешім қабылдауы жайында хабарлайды.
«Эйр Астана »АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысын өткізу туралы хабарлама
17 қараша 2025 ж.
«Эйр Астана» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – «Эйр Астана» АҚ немесе «Қоғам»), атқарушы органының орналасқан жері – Қазақстан Республикасы, 050039, Алматы қаласы, Түрксіб ауданы, Закарпатская көшесі, 4А, 2026 жылғы 15 қантарда өтетін Қоғам директорлар кеңесінің «Эйр Астана» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысын шақыру туралы шешім қабылдауы жайында хабарлайды.
Қоғам акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 13 мамырдағы № 415-II «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңының (бұдан әрі – «Акционерлік қоғамдар туралы» Заң) 35-37, 39-41, 43-47, 49-52-баптарына сәйкес акционерлердің жалпы жиналысының жеке отырысын өткізбей, сырттай дауыс беру арқылы өткізілетін болады.
Төмендегі «Акционерлердің ұлттық тиесілігі туралы ақпаратты ашуы» бөлімінде көзделген ережелерді ескере отырып, Бағалы қағаздар орталық депозитарийі 2025 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша (Алматы уақыты бойынша сағат 00:00) бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімінде акционерлер ретінде тіркелген акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысқа қатысуға құқығы бар. Егер көрсетілген күннен кейін Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі акционерлердің жалпы жиналысына қатысуға және оған дауыс беруге құқығы бар адамдардың тізіліміне енгізген тұлға өзіне тиесілі Қоғамның дауыс беретін акцияларын иеліктен шығаруды жүргізген жағдайда, акционерлердің жалпы жиналысына қатысу құқығы жаңа акционерге өтеді. Бұл ретте акцияларға меншік құқығын растайтын құжаттар ұсынылуы тиіс.
Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысының ұсынылатын күн тәртібі:
- Қоғам активтерінің баланстық құнының жалпы мөлшерінің 50 (елу) және одан да көп пайызын құрайтын сомаға Боинг 787-9 үлгісіндегі әуе кемелерін сатып алу бойынша Қоғамның ірі мәміле жасасуы жайында шешім қабылдау туралы.
«Акционерлік қоғамдар туралы» Заңның 43-бабының 6-тармағына сәйкес акционерлердің жалпы жиналысы сырттай дауыс беру арқылы шешім қабылдаған кезде акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібін өзгертуге және (немесе) толықтыруға болмайды.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдар:
Қоғамның акционерлері акционерлердің жылдық жалпы жиналысының күн тәртібінің мәселелері жөніндегі материалдармен gsm.materials@airastana.com электрондық мекенжайы бойынша немесе Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, 050039, Түрксіб ауданы, Закарпатская көшесі, 4А мекенжайы бойынша «Эйр Астана» АҚ атқарушы органының орналасқан жері бойынша сұрау салу мен акционердің мәртебесін растайтын құжаттарды жібере отырып, таныса алады. Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдар жиналыс өткізілетін күнге дейін он күннен кешіктірілмей акционерлердің танысуы үшін қолжетімді болады. Акционердің сұрауы бойынша күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдар оған сұрауды салған күннен бастап, үш жұмыс күні ішінде жіберіледі. Құжаттардың көшірмелерін дайындау және құжаттарды жеткізу шығындарын акционер көтереді.
Сырттай дауыс беруді өткізу тәртібі
Акционерлердің жалпы жиналысының жеке отырысын өткізбестен сырттай дауыс беру арқылы Қоғам акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысына қатысу, Қоғамның веб-сайтында: https://ir.airastana.com/ЖЕКЕ_ТҰЛҒАЛАР.doc және https://ir.airastana.com/ЗАҢДЫ_ТҰЛҒАЛАР.doc және қаржылық есептеме интернет-ресурсында орналастырылған сырттай дауыс беруге арналған бюллетеньді толтыру жолымен жүзеге асырылатын болады.
Бұл ретте:
- сырттай дауыс беруге арналған бюллетеньдерді алу үшін Қоғамның веб-сайтына өтіп: https://ir.airastana.com/ЖЕКЕ_ТҰЛҒАЛАР.doc және https://ir.airastana.com/ЗАҢДЫ_ТҰЛҒАЛАР.doc, онда орналастырылған дауыс беруге арналған бюллетеньнің электрондық нысанын басып шығару қажет;
- акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібіндегі мәселелер бойынша дауыс беру алдында сырттай дауыс беруге арналған бюллетеньдегі барлық өрістерді акционер жайында ақпаратпен толтыру қажет. Акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібі мәселелері бойынша дауыс беру үшін сырттай дауыс беруге арналған бюллетеньде акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібінің әрбір мәселесі бойынша дауыс берудің ықтимал нұсқалары бар ұяшықтардың біріне «қолдау», «қарсы» немесе «қалыс қалды» деген сөздерге белгі немесе қол қою қажет. Дауыстарды санау кезінде акционердің (акционер өкілінің) мәселелер бойынша бюллетеньде айқындалған дауыс беру тәртібін сақтаған және дауыс берудің ықтимал нұсқаларының біреуін ғана белгілеген жағдайда дауыстар ескеріледі;
- «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңның 49-бабының 6-тармағына сәйкес сырттай дауыс беруге арналған бюллетеньге жеке тұлға-акционер (жеке тұлға-акционердің өкілі) осы тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтерді көрсете отырып қол қоюға тиіс. Заңды тұлға-акционердің сырттай дауыс беруіне арналған бюллетеньге оның басшысы (заңды тұлға-акционердің өкілі) қол қоюға тиіс. Жеке тұлға-акционердің немесе заңды тұлға-акционер басшысының, не жеке тұлға-акционер өкілінің, не заңды тұлға-акционер өкілінің қолы қойылмаған бюллетень жарамсыз деп есептеледі;
- сырттай дауыс беруге арналған бюллетеньге акционерлер (олардың өкілдері) төмендегі құжаттарды қоса беруі тиіс:
жеке тұлға-акционерлер – акционердің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, ал жеке тұлға-акционердің өкілі сырттай дауыс беруге арналған бюллетеньге қол қойған жағдайда, сондай-ақ акционердің және оның өкілінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін және сырттай дауыс беруге арналған бюллетеньге қол қоюға акционер өкілінің өкілеттігін растайтын тиісті түрде рәсімделген сенімхаттың немесе өзге де құжаттың көшірмесін;
заңды тұлға-акционерлер – заңды тұлға-акционер басшысының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе акционер өкілінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін және тиісті түрде рәсімделген сенімхаттың немесе акционер өкілінің сырттай дауыс беруге арналған бюллетеньге қол қоюға өкілеттігін растайтын өзге де құжаттың көшірмесін;
- сырттай дауыс беруге арналған бюллетеньді және «Эйр Астана» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысын өткізу туралы осы Хабарламада көрсетілген қажетті құжаттарды қабылдау Қоғамның атқарушы органының орналасқан жері бойынша, яғни Қазақстан Республикасы, 050039, Алматы қаласы, Түрксіб ауданы, Закарпатская көшесі, 4А бойынша (Қоғамның есеп комиссиясының мүшесі – Жандосов Жанаттың атына), сырттай дауыс беруге арналған бюллетеньдерді және «Эйр Астана» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысын өткізу туралы осы Хабарламада көрсетілген қажетті құжаттарды жіберу фактісін тіркеуге мүмкіндік беретін қолма-қол шабарманмен жеткізу не пошта байланысы құралдарын пайдалана отырып жүзеге асырылатын болады. Құжаттарды пошта арқылы жіберген кезде конвертте «Эйр Астана» АҚ АКТЖЖ үшін. Өтетін күні: 2026 жылғы 15 қаңтар» деген жазбаны көрсету ұсынылады.
- күн тәртібінің әрбір мәселесі бойынша толтырылған сырттай дауыс беруге арналған бюллетеньдерді Қоғам сырттай дауыс беру нәтижелерін есептеу мақсатында 2025 жылғы 22 желтоқсанның 9 сағат 00 минуттен (Алматы уақыты бойынша) бастап, 2026 жылғы 14 қаңтардың 18 сағат 00 минутке дейін (Алматы уақыты бойынша) қабылдауы тиіс;
- сырттай дауыс беру нәтижелерін санау күні – 2026 жылдың 15 қаңтарында. Көрсетілген күні Қоғамның есеп комиссиясы:
- сырттай дауыс беру үшін алынған бюллетеньдердің жарамдылығын айқындайды және күн тәртібіндегі әрбір мәселе бойынша жарамды бюллетеньдердің санын және оларда көрсетілген дауыстарды есептейді;
- акционерлердің жалпы жиналысы кворумының болуын анықтайды;
- акционерлердің жалпы жиналысында дауыс беру қорытындылары туралы хаттама жасайды.
Қоғам, сондай-ақ, Қоғамның жай акцияларына (бұдан әрі – «Акциялар») қатысты құқықтарды куәландыратын ғаламдық депозитарлық қолхаттарды (бұдан әрі – «ҒДҚ») ұстаушыларға Проспектiде көрсетілгендей ҒДҚ ұстаушыларының акциялар бойынша дауыс беру құқығын жүзеге асыру қағидалары мен рәсімдері ҒДҚ (Terms and Conditions of GDRs) Шарттары мен ережелерінде көзделгенін еске салады (16-Шартты қараңыз) https://ir.airastana.com/kz/ақпаратты-ашу-орталығы/ipo-құжаттар/. ҒДҚ Шарттары мен ережелерінде көрсетілгендей, ҒДҚ ұстаушылары сәйкестендіру ақпаратын ұсынған және Депозитарийдің басқа да талаптарын орындаған жағдайда, депозитарий-банк (бұдан әрі – «Депозитарий») ретінде әрекет ететін Citibank, N. A.-ға нұсқау беру арқылы ғана өз дауыс беру құқығын іске асырады. Депозитарийге дауыс беру туралы нұсқау бергісі келетін ҒДҚ ұстаушылары акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысы туралы тиісті хабарламада баяндалған рәсімге сәйкес жақын арада дауыс беруге арналған нысанмен бірге ҒДҚ ұстаушыларына жіберілетін рәсімге сәйкес белгілі бір мерзімде қол қоюға, толтыруға және қайтаруға тиіс.
«Акционерлік қоғамдар туралы» Заңның 45-бабы 4-тармағының екінші бөлігіне сәйкес акционерлердің жалпы жиналысын сырттай дауыс беру арқылы өткізу кезінде кворум болмаған жағдайда акционерлердің қайта жалпы жиналысы өткізілмейді.
«Акционерлік қоғамдар туралы» Заңның 51-бабының 6-тармағына сәйкес сырттай дауыс беру нәтижелері акционерлердің назарына оларды Қоғамның веб-сайтында, қаржылық есептілік және биржалар депозитарийінің интернет-ресурсында жариялау арқылы жеткізілетін болады.
Акционерлердің ұлттық тиесілігі туралы ақпаратты ашуы
Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі № 339-IV «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Заңының (бұдан әрі – «Авиация туралы заң») 74-1-бабына және Қоғам Жарғысының 8.1-бабына сәйкес Акцияларға және (немесе) Акцияларға қатысты құқықтарын куәландыратын ҒДҚ-ға иелік ететін әрбір тұлға (бұдан әрі – «акционер») Қоғамға акционердің өзінің азаматтығы (инкорпорация елі) туралы, сондай-ақ, осындай акционерге қатысты тиімді бақылауды жүзеге асыратын түпкі меншік иелерінің азаматтығы туралы ақпаратты (бұдан әрі – «Ұлттық тиесілігі туралы ақпарат») ашуға міндетті.
Қоғам акционерлердің назарына мынаны аударады, акционерлердің жалпы жиналысына қатысу үшін, егер акционер бұған дейін ұлттық тиістілігі туралы ақпаратты ұсынбаған болса немесе бұрын ұсынылған мұндай ақпарат өзгерген жағдайда, ол «Акционер туралы оның түпкі меншік иелерін көрсете отырып берілетін мәліметтер» нысаны бойынша ұлттық тиістілігі туралы ақпаратты Қоғамның веб-сайтында орналастырылған https://ir.airastana.com/Ұлттық тиесілілігі туралы ақпаратты ашу талап.docx нысан арқылы, сырттай дауыс беруге арналған бюллетеньмен бірге ұсынуы тиіс.
Қоғам Авиация туралы заңның 74-1-бабының 4 және 5-тармақтарының және Қоғам Жарғысының 8.8 және 8.9-баптарының ережелеріне сәйкес:
- акционер Ұлттық тиесілігі туралы ақпаратты ішінара немесе толық ұсынбаған жағдайда, мұндай акционер: (1) Қоғам акционерлерінің жалпы жиналысының кворумын айқындау кезінде ескерілмейтінін; және (2) Қоғам акционерлерінің жалпы жиналысында қаралатын мәселелерді дауыс беруге және (немесе) талқылауға қатысуға құқығы жоқтығын;
- дәйексіздігі Қоғам акционерлерінің жалпы жиналысы шешім қабылдағаннан кейін анықталатын дәйексіз ақпарат ұсынылған жағдайда: (1) егер мұндай шешімге дауыс беретін акциялардың көпшілігі дауыс берсе (дәйексіз ақпарат ұсынған акционердің дауыс беретін акцияларын ескермегенде), Қоғам акционерлерінің жалпы жиналысының шешімі кворумның болуы жөніндегі талаптар сақталған кезде аталған акционердің дауыстары ескерілмей қабылданды деп есептелетінін; және (2) егер дәйексіз ақпарат берген акционердің дауысы шешуші болса, осы мән-жай Қоғам акционерлерінің жалпы жиналысының тиісті шешімін жарамсыз деп тануға негіз болып табылатынын еске салады.
|
Байланыс:
|
|
Air Astana тобы туралы:
Air Astana тобы («Эйр Астана» АҚ және «FlyArystan» АҚ) Орталық Азия мен Кавказ өңірлеріндегі кірістер көлемі мен әуе флотының мөлшері бойынша ірі авиакомпаниялар тобы болып табылады. Air Astana тобы 2002 жылы алғашқы рейсін орындаған Air Astana, толық циклді авиакомпания және 2019 жылы құрылған Flyarystan, бюджеттік тасымалдаушысы арасында бөлінген 62 ұшақтан тұратын әуе кемелерінің паркін пайдаланады. Air Astana тобы Орталық Азия, Кавказ, Қиыр Шығыс, Таяу Шығыс, Үндістан және Еуропа арқылы ішкі, өңірлік және халықаралық маршруттарда тұрақты, тікелей және транзиттік, қысқа магистральдық және алыс магистральдық авиатасымалдар мен жүк тасымалдарын қамтамасыз етеді. Air Astana он төрт рет «Орталық Азия мен ТМД-ның үздік авиакомпаниясы» атанды және Skytrax World Airline Awards нұсқасы бойынша «Орталық Азия мен ТМД-дағы үздік қызмет көрсету» үшін тоғыз рет марапатталды. Skytrax FlyArystan-ды үш рет «Орталық Азия мен ТМД-дағы үздік бюджеттік тасымалдаушы» деп таныды. Сондай-ақ, Air Astana APEX ірі авиакомпаниялар санатында бес жұлдызды рейтингке ие. «Эйр Астана» АҚ бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасында, Astana International Exchange және Лондон қор биржасында (тикер: AIRA) листингтен өтті.