Қазақстандағы төтенше жағдай Air Astana компаниялар тобының қызметіне әсер етті.

Қазақстандағы төтенше жағдай Air Astana компаниялар тобының қызметіне әсер етті.

5-12 қаңтар аралығында Air Astana мен FlyArystan-ның 178 халықаралық рейс пен 621 ішкі әуе рейсі тоқтатылды.

7 қаңтардан бастап Нұр-Сұлтан мен Қазақстанның басқа қалаларынан рейстер қалпына келтірілсе, 13 қаңтардан бастап Алматыдан рейстер қалпына келе бастады.

7-12 қаңтар аралығында топ бойынша барлығы 178 халықаралық және 343 ішкі рейс орындалды.

Ыстамбұл, Анталия, Дубай, Шарджа, Киев, Мәскеу, Омбы, Новосибирск, Санкт-Петербург, Франкфурт, Ташкент, Кутаиси қалаларына қайта қалпына келтірілген халықаралық тұрақты рейстермен 7588 жолаушы елдеріне оралды, оның ішінде Мальдив аралдарынан, Пхукеттен, Коломбодан, Анталиядан, Тбилисиден, Бакудан және Гоадан репатриация рейстері бар.