Air Astana рейстер кестесінің өзгеруі және коронавирустың алдын алу шаралары туралы хабарлайды

Air Astana әуе компаниясы жолаушыларға Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі қабылдаған коронавирустық инфекцияның алдын алу шараларына байланысты рейстер кестесі мен маршруттар желісінің өзгеруі туралы хабарлайды.

2020 жылдың 1 наурызынан бастап аптасына Нұр-Сұлтан-Сеул-Нұр-Сұлтан» бағытындағы рейстер 2-ден 1-ге дейін және Алматы-Сеул-Алматы бағытындағы рейстер аптасына 5-тен 1 рейске қысқарды. 5 наурыздан бастап Нұр-Сұлтан - Баку және кері бағыттағы рейстер тоқтатылды. Алматыдан Бакуға рейстер аптасына 3-тен 1-ге дейін азайтылды. 7 наурыздан бастап Алматыдан Гонконгқа рейстер тоқтатылды. Бұған дейін әуе компаниясы Қазақстаннан Бейжіңге және Үрімшіге ұшатын барлық рейстерді тоқтатқан болатын. Нұр -Сұлтаннан Парижге рейстер 31 мамырға дейін уақытша тоқтатылды, Алматыдан Куала-Лумпурға рейстер азайтылды және 14 сәуірден 31 мамырға дейін мүлдем тоқтатылады. Алматы мен Мумбай арасындағы жоспарланған рейстердің басталуы шегерілді.

Бұрын осы бағыттар бойынша билеттерді сатып алған жолаушыларға ұшу күндерін айыппұлсыз өзгертуге немесе немесе серіктес әуе компаниялармен басқа бағыттарға ұшу үшін қайта брондауға мүмкіндік беріледі. Сонымен бірге, әуе компаниясы Анталия, Бодрум және басқа қалаларға рейстерді ұлғайту мүмкіндігін қарастыруда.

«Air Astana үшін қауіпсіздігі әрқашан басымдық болып табылады, сонымен бірге біз борттағы жолаушылардың денсаулығы үшін жауапкершілігімізді сезінеміз. Осыған байланысты біз коронавирустық инфекцияның алдын алу үшін барлық шараларды қолданамыз. Қытайға рейстер тоқтатылып, Әзірбайжан мен Оңтүстік Кореяға рейстер азайтылды. Барлық халықаралық бағыттарда біз экипажды бетперделер мен тазартқыш құралдарымен қамтамасыз етеміз, сондай-ақ әуе кемелерін дезинфекциялық/жуғыш затпен екі рет өңдейміз», - деп түсіндірді Air Astana-ның сату бойынша директоры Ислам Секербеков.

Әуе компанияның қызметкерлері жолаушыларға тоқтатылған рейстер туралы SMS және электрондық пошта арқылы хабарлайды. Сонымен қатар, жолаушылар airastana.com сайтындағы «брондауды басқару» функциясы немесе сall.centre@airastana.com поштасы және +7 727 2444477 нөмірі арқылы бағытқа өзгерістер енгізе алады.

Жоғарыда аталған бағыттар бойынша және әуе компанияның бүкіл маршруттық желісін бойынша одан әрі рейстердің орындалмауы мүмкін. Жолаушылардың сапарға әрекеттегі шектеулер мен діттеген немесе транзиттік ұшып келу пунктінде талаптарды тексергені абзал.