Сингапур, Жапония, Тайланд, Оңтүстік Корея, Гонконг пен Макао елдерінен Қазақстанға сапар жасайтын Air Astana жолаушыларының назарына
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің коронавирустың алдын алуға байланысты енгізген шараларын ескеріп, Air Astana 20 ақпан не одан бұрын сатып алынған әуебилеттерге қатысты ереженің өзгеруі туралы хабарлайды.
Сингапур, Жапония, Тайланд, Оңтүстік Корея, Гонконг пен Макао елдерінен Қазақстанға келуді жоспарлаған шетелдік және ҚР азаматтары ұшу күнін еш айыппұлсыз кейінгіге ауыстыра алады.
Сонымен қатар, бұл елдерден Қазақстанға келетін жолаушыларымыз өз сапар бағытын балама бағыттарға тек жаңа әуебилет құны айырмашылығын төлеу арқылы еш айыппұлсыз өзгерте алады.
Сингапур, Жапония, Тайланд, Оңтүстік Корея, Гонконг пен Макао елдерінен Қазақстанға ұшуды жоспарлап, енді ол сапарынан бас тартуды қалаған жолаушыларымыз customer.experience@airastana.com адресіне хабарласуларын сұраймыз.
Бұл өзгертулер транзиттік жолаушыларға қатысты бола алмайды.
Air Astana әуе компаниясының әуебилеттеріне байланысты басқа ережелердің барлығы өзгеріссіз.