«Эйр Астана» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысын өткізу туралы хабарлама
9 қаңтар 2026 ж.
«Эйр Астана» акционерлік қоғамы
«Эйр Астана» АҚ акционерлерінің кезектен тыс
жалпы жиналысын өткізу туралы хабарлама
«Эйр Астана» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – «Эйр Астана» АҚ немесе «Қоғам»), атқарушы органының орналасқан жері – Қазақстан Республикасы, 050039, Алматы қаласы, Түрксіб ауданы, Закарпатская көшесі, 4А, 2026 жылғы 9 ақпанның 11 сағат 00 минутте өтетін (Алматы уақыты бойынша), Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Медеу ауданы, Құлжа тракті, 4В, «Ю» блогы мекенжайы бойынша, Қоғам директорлар кеңесінің «Эйр Астана» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысын шақыру туралы шешім қабылдауы жайында хабарлайды. Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысына қатысушыларды тіркеудің басталуы: Алматы уақыты бойынша 09 сағат 00 минутте.
Акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 13 мамырдағы № 415-II «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңының 35-37, 39-48, 50-52-баптарына сәйкес бетпе-бет жүздесу тәртібінде өткізілетін болады.
Егер акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысы көрсетілген күні өтпесе, онда ол 2026 жылғы 10 ақпанға, Алматы уақыты бойынша 11 сағат 00 минутке ауыстырылады.
2026 жылғы 12 қаңтардағы жағдай бойынша (Алматы уақыты бойынша сағат 00:00) Бағалы қағаздар орталық депозитарийі бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімінде акционерлер ретінде тіркелген акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысқа қатысуға және онда дауыс беруге құқығы бар.
Тіркелу үшін акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысына қатысушыларға жеке басын куәландыратын құжатты көрсету қажет. Акционерлердің өкілдері дауыс беру құқығымен акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысына қатысуға тиісті түрде ресімделген сенімхатты ұсынуы қажет болады.
Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысы акционерлердің және/немесе олардың өкілдерінің, сондай-ақ кейбір қызметкерлердің және Қоғамның Директорлар кеңесінің барлық немесе кейбір мүшелерінің қатысуымен өткізіледі. Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібіндегі мәселелер бойынша шешімдер қабылдау дауыс беру жолымен жүзеге асырылады. Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша акционерлер дауыс бергеннен кейін акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысының қорытындылары шығарылып, белгіленген тәртіппен жарияланатын болады.
Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысының ұсынылатын күн тәртібі:
- «Эйр Астана» АҚ-ның Airbus A320neo отбасының әуе кемелерін сатып алу бойынша «Эйр Астана» АҚ активтерінің баланстық құнының жалпы мөлшерінің 50 (елу) және одан да көп пайызын құрайтын сомаға ірі мәміле жасасу жайында шешім қабылдау туралы.
- «Эйр Астана» АҚ Директорлар кеңесі мүшелерінің Сыйақы саясатын жаңа редакцияда бекіту туралы.
- «Эйр Астана» АҚ Директорлар кеңесінің мүшелерін сайлау (қайта сайлау) және «Эйр Астана» АҚ Директорлар кеңесінің өкілеттік мерзімін айқындау туралы.
- «Эйр Астана» АҚ Директорлар кеңесінің Төрағасын сайлау туралы.
- «Эйр Астана» АҚ тәуелсіз директорларына сыйақы мен өтемақы төлеу мөлшері мен шарттарын бекіту туралы.
Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібіндегі мәселелері бойынша материалдар:
Қоғам акционерлері Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібіндегі мәселелері бойынша материалдармен gsm.materials@airastana.com электрондық мекенжайы бойынша немесе Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, 050039, Түрксіб ауданы, Закарпатская көшесі, 4А мекенжайы бойынша «Эйр Астана» АҚ атқарушы органының орналасқан жері бойынша сұрау салу мен акционердің мәртебесін растайтын құжаттарды жібере отырып, таныса алады. Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдар Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысының өткізілетін күнге дейін он күннен кешіктірілмей, акционерлердің танысуы үшін қолжетімді болады. Акционердің сұрауы бойынша күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдар оған сұрауды салған күннен бастап, үш жұмыс күні ішінде жіберіледі. Құжаттардың көшірмелерін дайындау және құжаттарды жеткізу шығындарын акционер көтереді.
Акционерлердің ұлттық тиесілігі туралы ақпаратты ашуы
Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» (бұдан әрі – «Авиация туралы Заң») № 339-IV Заңының 74-1 бабына және Қоғам Жарғысының 8.1-бабына сәйкес 2026 жылғы 12 қаңтардағы жағдай бойынша Қоғамның жай акцияларын және (немесе) Қоғамның жай акцияларына қатысты құқықтарды куәландыратын ғаламдық депозитарлық қолхаттарды (бұдан әрі – «акционер») иеленетін және Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысына қатысуға және дауыс беруге ниет білдірген әрбір тұлға Қоғамға акционердің өзінің азаматтығы (инкорпорация елі) туралы ақпарат беруге, сондай-ақ аталған акционерге қатысты тиімді бақылауды жүзеге асыратын түпкі меншік иелерінің азаматтығы туралы ақпаратты Қоғамның веб-сайтында орналастырылған https://ir.airastana.com/Ұлттық тиесілілігі туралы ақпаратты ашу талап.docx «Акционер және түпкі меншік иелері туралы мәліметтер» (бұдан әрі – «Ұлттық тиістілігі туралы ақпарат») нысаны бойынша ұсынуға міндетті. «Акционер және түпкі меншік иелері туралы мәліметтер» нысанын толтыру үлгісі: Толтырылған нысан мысалы
Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысына қатысуға және дауыс беруге ниет білдірген акционер, бұрын Қоғамға ұлттық тиесілігі туралы ақпарат бермеген немесе бұрын берілген ұлттық тиесілігі туралы ақпарат өзгертілген жағдайда, Қоғамға ұлттық тиесілігі туралы ақпаратты 2026 жылғы 3 ақпаннан кешіктірмей, қазақ, орыс немесе ағылшын тілінде investor.relations@airastana.com электрондық поштасына жіберуге міндетті.
Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын жеке тұлға-акционерлер акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысына қатысу үшін тіркеу кезінде Қазақстан азаматының жеке куәлігін ұсыну арқылы акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысына осы талапты орындап, қатыса алады.
Қоғам Авиация туралы заңның 74-1-бабының 4 және 5-тармақтарының және Қоғам Жарғысының 8.8 және 8.9-баптарының ережелеріне сәйкес еске салады:
- акционер Ұлттық тиесілігі туралы ақпаратты ішінара немесе толық ұсынбаған жағдайда, мұндай акционер: (1) акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысы кворумын айқындау кезінде есепке алынбайды; және (2) акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысында қаралатын мәселелерге дауыс беруге және (немесе) талқылауға қатысуға құқылы емес;
- акционердің анық емес ақпаратты ұсынған жағдайда, егер бұл ақпараттың анық емес екендігі акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысымен шешімі қабылданғаннан кейін анықталса: (1) егер мұндай шешім үшін көпшілік дауыс берген акционерлердің дауыстарымен (анық емес ақпарат ұсынған акционердің дауыс беретін акцияларын есепке алмағанда) қабылданған болса, егер кворумды қамтамасыз ету талаптары сақталса, акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысының шешімі аталған акционердің дауыстарын есепке алмай, қабылданған болып саналады; және (2) егер анық емес ақпарат ұсынған акционердің дауысы шешуші болған жағдайда, бұл жағдай акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысының шешімін жарамсыз деп тануға негіз болады.
|
Байланыс:
|
|
Air Astana тобы туралы:
«Эйр Астана» тобы («Эйр Астана» АҚ және «FlyArystan» АҚ) Орталық Азия мен Кавказ өңірлеріндегі кірістер көлемі мен әуе флотының мөлшері бойынша ірі авиакомпаниялар тобы болып табылады. Топ 2002 жылы өзінің алғашқы рейсін орындаған «Эйр Астана» АҚ мен 2019 жылы құрылған «FlyArystan» АҚ бюджеттік тасымалдаушысы арасында үлестірілген 62 ұшақтан тұратын әуе кемелерінің паркін пайдаланады. Топ Орталық Азия, Кавказ, Қиыр Шығыс, Таяу Шығыс, Үндістан және Еуропа арқылы ішкі, өңірлік және халықаралық маршруттарда тұрақты, тікелей және транзиттік, қысқа магистральдық және алыс магистральдық авиатасымалдар мен жүк тасымалдарын қамтамасыз етеді. «Эйр Астана» АҚ он төрт рет «Орталық Азия мен ТМД-ның үздік авиакомпаниясы» атанды және Skytrax World Airline Awards нұсқасы бойынша «Орталық Азия мен ТМД-дағы үздік қызмет көрсету» үшін тоғыз рет марапатталды. Skytrax «FlyArystan» АҚ-ын үш рет «Орталық Азия мен ТМД-дағы үздік бюджеттік тасымалдаушы» деп таныды. Сондай-ақ, «Эйр Астана» АҚ APEX ірі авиакомпаниялар санатында бес жұлдызды рейтингке ие. «Эйр Астана» АҚ-ның бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасында, Astana International Exchange және Лондон қор биржасында (тикер: AIRA) листингтен өтті.