«Эйр Астана» жолжүк тасымалдау қағидаларын өзгертті

2019 жылдың 21 тамызынан бастап саяхаттау кезеңіне 2019 жылдың 7 тамызынан бастап билет сатып алған кезде «Эйр Астана» әуекомпаниясының барлық рейстерінде жаңа жолжүк саясаты қолданылатын болады.

Жолжүк тасымалдаудың тегін нормалары барлық бағыттар бойынша таразылық жүйеден даналық жүйеге өзгертіледі.

Жолжүктің тегін нормасын алып жүру Piece concept халықаралық жүйесі бойынша жолжүктің алатын орны санынан есептелетін болады). Бұрын Weight concept жүйесі бойынша алып жүретін жолжүктің салмағын есептеу қолданылды). Бұл тәжірибе Қазақстанға/Қазақстаннан ұшатын рейстерді орындайтын халықаралық тасымалдаушылармен кеңінен қолданылады. Piece concept қолданатын компаниялар арасында - Lufthansa, Asiana, Southern China Airways, S7, Aeroflot және басқалар бар.

Таңдалған тарифтік топқа байланысты 2019 жылдың 7 тамызынан бастап жолаушылар өздерімен бірге бір немесе екі сөмке ала алады. Бір сөмкенің жоғары салмағы эконом-класта 23 кг және бизнес-класта 32 кг құрайды. Қосымша жолжүкке ұшуға дейін кем дегенде 24 сағат қалғанда төлеген кезде 30% жеңілдік қарастырылады.

Халықаралық бағыттардағы жаңа тариф кестесі барынша демократиялық болып табылады, себебі жолаушыға өзінің қажеттілігіне байланысты тарифті өз бетінше таңдауына мүмкіндік береді. Мысалға, тек қана қол жүгімен халықаралық саяхаттар жасайтын жолаушылар жолжүк үшін артық ақы төлемей, билетті арзанырақ сатып алады немесе килограмм бойынша салмақ ауырлығын төлемей, жолжүк үшін қосымша орын сатып алады. 9 кг дейінгі артық жолжүк үшін (бір сөмкенің жалпы салмағы 32 килограммнан аспайды) нормативтен жоғары жолжүктің бірыңғай тарифі қолданылатын болады.

Жаңа қағидалар қол жүгіне қарастырылмаған. Тегін қол жүгінің салмағы бұрынғысынша 8 кг болып қалады. Бұл ретте, эконом-класс жолаушылары бір сөмке, ал бизнес-класс жолаушылары екі сөмке алып жүре алады. Қол жүгінен басқа ұшақ салонында жеке қолдану заттарын алып жүруге болады: қолшатыр, гүлдер және т.б.

2019 жылдың 7 тамызына дейін сатып алынған билеттер бойынша жолжүкті алып жүру нормасы үзінді-көшірмеде көрсетілген көлемде қалады.