«Эйр Астана» – Универсиаданың ресми әуетасымалдаушысы
Сол жақтан оңға: Наиль Нуров, 2017 Универсиада дирекциясының жетекшісі және Питер Фостер, «Эйр Астана» АҚ президенті
«Эйр Астана» ұлттық тасымалдаушы Алматыда 28 дүниежүзілік қысқы Универсиаданың Ұйымдастырушы комитетімен ынтымақтастық туралы келісімшарт жасады. «Эйр Астана» президенті Питер Фостер және Универсиада 2017 дирекциясының жетекшісі Наиль Нуров қазақстандық әуекомпания Ойындардың демеушісі және Универсиаданың бас әріптесі мәртебесіне ие болды.
Келісімшартқа сәйкес «Эйр Астана» спортшыларға және Дирекцияның ресми делегацияларының мүшелеріне аймақтық және халықаралық рейстерге едәуір жеңілдіктер береді, елордадан және 15 аймақтан алау эстафетасын жеткізуді қамтамасыз етеді, сондай-ақ шараны жылжыту үшін ақысыз өзінің коммуникациялар амалдарын ұсынады.
28 Дүниежүзілік қысқы Универсиада 2017 29 қаңтар мен 8 ақпан аралығында Алматыда өтеді. Қысқы Универсиаданың бағдарламасына спорттың 12 түрі кірді. Жарыстарға 2 мыңнан астам спортшылар қатысады. Универсиаданы өткізу кезеңінде 3 мың еріктілер қатысады, оның ішінде шетелдік те. 30 мыңға жуық отандас және шетел туристердің келуі күтілуде. Жарыстың трасляциясы жалпы аудиториясы 1 млрд. адамға көрсетілетін әлемнің 80 еліне таратылады.