Алматы, Қазақстан – «Эйр Астана» акционерлiк қоғамы («Компания» және оның еншілес кәсіпорны FlyArystan-мен бірге «Топ»), табыс пен әуе паркі көлемі бойынша Орталық Азия мен Кавказ аймағындағы ең ірі әуе компаниялар тобы, 2025 жылға арналған өзіндік қордан компанияның жай акциялафры мен ЖДҚ-леры бойынша дивидендтер төлемін жариялайды.

2 шілде 2026

 

Дивидендтерді төлеу туралы хабарлама

 

Алматы, Қазақстан – «Эйр Астана» акционерлiк қоғамы («Компания» және оның еншілес кәсіпорны FlyArystan-мен бірге «Топ»), табыс пен әуе паркі көлемі бойынша Орталық Азия мен Кавказ аймағындағы ең ірі әуе компаниялар тобы, 2025 жылғы Компанияның бөлінбеген пайдасы есебінен Компанияның жай акциялары мен ЖДҚ-ларі бойынша дивидендтер төленетінін хабарлайды.

Тіркеу күні: 24 маусым, 2026, 00:00 (Астана уақыты). Төлем күні: 30 маусым, 2026.

Төлеуге жататын жалпы сомасы 3 511 431 000 теңге, ал төленген жалпы сомасы 3 506 247 778,24 теңге (Қазынашылық акцияларды есепке алғанда) құрады.

Дивидендтің жалпы сомасы жай акцияға 9,92 теңге немесе ЖДҚ-ға 39,68 теңге (әрқайсысы төрт акцияны білдіреді) құрайды.

 

Қосымша ақпарат алу үшін төмендегi контактілер бойынша хабарласуыңызды сұраймыз:

Инвесторлармен байланыстар жөнінідегі қызмет:

[email protected]

Корпоративтік коммуникациялар жөніндегі департамент:

[email protected] 

Қаржы медиа:

[email protected]

 

 

Air Astana компаниялар тобы туралы

Air Astana компаниялар тобы Орталық Азия мен Кавказ өңірлеріндегі кіріс көлемі мен әуе кемелер саны бойынша ең ірі әуе тасымалдаушы топ. Компания 63 әуе кемесінен тұратын флотты басқарады, ол 2002 жылы алғашқы рейсін орындаған толық қызмет көрсететін Air Astana әуе компаниясы мен 2019 жылы құрылған бюджеттік FlyArystan әуе компаниясына бөлінген. Компания тұрақты, тіке және транзиттік, қысқа және ұзақ қашықтықтағы жолаушылар мен жүк тасымалын жүзеге асырады. Маршруттық желісі Орталық Азия, Кавказ, Қиыр Шығыс, Таяу Шығыс, Үндістан және Еуропаны қамтиды. Air Astana Skytrax рейтингі бойынша Орталық Азия және ТМД-дағы ең үздік әуе компаниясы атағын 14 мәрте иеленді және қатарынан 9 рет Орталық Азия мен ТМД-дағы ең үздік әуе компания қызметі марапатына лайық танылды. FlyArystan үш рет Skytrax сыйлығы бойынша Орталық Азия мен ТМД-дағы ең үздік бюджеттік әуе компаниясы атанды. Сонымен қатар, Air Astana Airline Passenger Experience Association (APEX) тарапынан ірі әуе компаниялар санатында бес жұлдызды рейтингке ие болды. Компания Қазақстан қор биржасында (KASE), Астана халықаралық биржасында (AIX) және Лондон қор биржасында (LSE) AIRA тикерімен листингке енгізілген.