2026 жылдың екінші тоқсан және алты ай ішіндегі нәтижелерін жариялау туралы хабарлама
Алматы, Қазақстан – «Эйр Астана» акционерлiк қоғамы («Компания» және оның еншілес кәсіпорны FlyArystan-мен бірге «Топ»), табыс пен әуе паркі көлемі бойынша Орталық Азия мен Кавказ аймағындағы ең ірі әуе компаниялар тобы, 2026 жылдың 30 маусымда аяқталған екінші тоқсан және алты ай ішіндегі нәтижелерін сәрсенбі, 2026 жылдың 5 тамызында жариялайды.
22 шілде 2026
Air Astana компаниялар тобы

Басшылық нәтижелер жарияланған күні, Астана уақыты бойынша сағат 14:00-де тікелей эфир (вебкаст) және сұрақ-жауап сессиясын өткізеді.
Қоңырауға келесі сілтеме арқылы қосылуға болады:
Қазақ тілінде: 2026 ж. екінші тоқсан мен алты айдың нәтижелері | SparkLive | LSEG
Ағылшын тілінде: Q2 and H1 2026 Results Announcement | SparkLive | LSEG
Орыс тілінде: Объявление результатов за второй квартал и первое полугодие 2026 года | SparkLive | LSEG
Сұрақтар бойынша сайтқа кіріңіз ir.airastana.com немесе хабарласыңыз:
|
Инвесторлармен байланыс қызметі: |
|
|
|
|
|
Медиа: |
Air Astana тобы туралы
Air Astana Тобы кірісі мен әуе флотының көлемі бойынша Орталық Азия және Кавказ аймақтарындағы ең ірі әуекомпаниялар тобы болып табылады. Топ 2002 жылы алғашқы рейсін орындаған «Эйр Астана» АҚ толық қызмет көрсететін бренд пен 2019 жылы құрылған «FlyArystan» АҚ бюджеттік тасымалдаушысы арасында үлестірілген 63 ұшақтан тұратын әуе кемелері паркін пайдаланады. Топ Орталық Азия, Кавказ, Қиыр Шығыс, Таяу Шығыс, Үндістан және Еуропа арқылы ішкі, өңірлік және халықаралық маршруттарда тұрақты, тікелей және транзиттік, қысқа магистральдық және алыс магистральдық авиатасымалдар мен жүк тасымалдарын қамтамасыз етеді. «Эйр Астана» АҚ Skytrax World Airline Awards нұсқасы бойынша он төрт рет «Орталық Азия мен ТМД-ның үздік әуекомпаниясы» болып танылды және «Орталық Азия мен ТМД-дағы үздік қызмет көрсету» марапатын тоғызыншы рет иемденіп отыр. FlyArystan үш рет «Орталық Азия мен ТМД-дағы үздік бюджеттік тасымалдаушы» номинациясында Skytrax сыйлығын алды. Cонымен қатар, «Эйр Астана» АҚ APEX (Airline Passenger Experience Association) ірі әуекомпаниялар санатында бес жұлдызды рейтингке ие. Топтың бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасында, Astana International Exchange (AIX) және Лондон қор биржасында орналастырылған (тикер: AIRA).