«Эйр Астана» АҚ, атқарушы органының орналасқан жері – Қазақстан Республикасы, 050039, Алматы қаласы, Түрксіб ауданы, Закарпатская көшесі, 4А, «Эйр Астана» АҚ АЖЖЖ 2026 жылғы 28 мамырдың (Алматы уақыты бойынша) сағат 14:00-де Қазақстан Республикасы, 050039, Алматы қаласы, Медеу ауданы, Құлжа тракті, 4В, «Ю» блогы мекенжайы бойынша шақыру туралы Директорлар кеңесінің шешімі жайында хабарлайды. АЖЖЖ-на қатысушыларды тіркеуді бастау: 12 сағат 00 минутте (Алматы уақыты бойынша).

21 сәуір 2026

 

«Эйр Астана» акционерлік қоғамы

«Эйр Астана» АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысын

өткізу туралы хабарлама

 

«Эйр Астана» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – «Эйр Астана» АҚ немесе «Қоғам»), атқарушы органының орналасқан жері – Қазақстан Республикасы, 050039, Алматы қаласы, Түрксіб ауданы, Закарпатская көшесі, 4А, «Эйр Астана» АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысын (бұдан әрі – «АЖЖЖ») 2026 жылғы 28 мамырдың (Алматы уақыты бойынша) сағат 14:00-де Қазақстан Республикасы, 050039, Алматы қаласы, Медеу ауданы, Құлжа тракті, 4В, «Ю» блогы мекенжайы бойынша шақыру туралы Директорлар кеңесінің шешімі жайында хабарлайды. АЖЖЖ-на қатысушыларды тіркеуді бастау: 12 сағат 00 минутте (Алматы уақыты бойынша).

 

АЖЖЖ Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 13 мамырдағы «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңының 35-37, 39-48, 50-52-баптарына сәйкес бетпе бет өткізілетін болады.

 

Егер АЖЖЖ көрсетілген күні өтпесе, онда ол 2026 жылғы 29 мамырдың 14 сағат 00 минутіне (Алматы уақыты бойынша) ауыстырылады.

 

АЖЖЖ-на қатысуға және дауыс беруге 2025 жылғы 30 сәуірдегі жағдай бойынша (Алматы уақыты бойынша сағат 00:00) бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімінде Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі акционерлер ретінде тіркелген акционерлер құқылы.

 

Тіркелу үшін АЖЖЖ қатысушыларына жеке басын куәландыратын құжатты көрсету қажет. Акционерлердің өкілдері дауыс беру құқығымен АЖЖЖ-на қатысуға тиісті түрде ресімделген сенімхатты ұсынуы қажет болады.

 

АЖЖЖ акционерлердің және/немесе олардың өкілдерінің, сондай-ақ кейбір қызметкерлердің және Қоғам Директорлар кеңесінің мүшелерінің қатысуымен өткізіледі. АЖЖЖ күн тәртібіндегі мәселелер бойынша шешімдер қабылдау дауыс беру арқылы жүзеге асырылады. Акционерлер күн тәртібіндегі мәселелер бойынша дауыс бергеннен кейін, АЖЖЖ қорытындылары шығарылады, содан кейін олар белгіленген тәртіппен жарияланады.

 

АЖЖЖ-ның ұсынылатын күн тәртібі:

 

  1. «Эйр Астана» АҚ-ның 2025 жылға аудиттелген шоғырландырылған және жеке жылдық қаржылық есептілігін бекіту туралы.
  2. «Эйр Астана» АҚ-ның 2025 жылғы шоғырландырылған таза кірісін бөлу тәртібін бекіту, «Эйр Астана» АҚ-ның жай акциялары бойынша дивидендтер төлеу туралы шешім қабылдау және «Эйр Астана» АҚ-ның 2025 жылғы бір жай акциясына есептегенде дивиденд мөлшерін бекіту туралы.
  3. «Эйр Астана» АҚ және оның лауазымды тұлғаларының 2025 жылғы әрекеттеріне акционерлердің өтініштері және оларды қарау қорытындылары туралы ақпаратты қарастыру.
  4. 2025 жылы «Эйр Астана» АҚ Директорлар кеңесі мүшелерінің және атқарушы органының сыйақы мөлшері мен құрамы туралы ақпаратты қарау.
  5. «Эйр Астана» АҚ есеп комиссиясын 2026 жылғы 01 маусым - 2027 жылғы 01 маусым кезеңіне сайлау туралы.

 

 

АЖЖЖ-ның күн тәртібіндегі мәселелері бойынша материалдар:

 

Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдар акционерлердің танысуы үшін АЖЖЖ өткізілетін күнге дейін 10 (он) күннен кешіктірілмей қолжетімді болады.

Қоғам акционерлері АЖЖЖ-ның күн тәртібіндегі мәселелері бойынша материалдармен [email protected] электрондық мекенжайы бойынша немесе Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, 050039, Түрксіб ауданы, Закарпатская көшесі, 4А мекенжайы бойынша «Эйр Астана» АҚ атқарушы органының орналасқан жері бойынша сұрау салу мен акционердің мәртебесін растайтын құжаттарды жібере отырып, таныса алады. Акционердің сұрауы бойынша күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдар оған сұрауды салған күннен бастап, 3 (үш) жұмыс күні ішінде жіберіледі. Құжаттардың көшірмелерін дайындау және құжаттарды жеткізу шығындарын акционер көтереді.

 

Акционерлердің ұлттық тиесілігі туралы ақпаратты ашуы

 

Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» № 339-IV Заңының 74-1 (бұдан әрі – «Авиация туралы Заң») бабына және Қоғам Жарғысының 8.1-бабына сәйкес 2026 жылғы 30 сәуірдегі жағдай бойынша Қоғамның жай акцияларын және (немесе) Қоғамның жай акцияларына қатысты құқықтарды куәландыратын ғаламдық депозитарлық қолхаттарды (бұдан әрі – «акционер») иеленетін және АЖЖЖ-на қатысуға ниет білдірген әрбір тұлға Қоғамға акционердің өзінің азаматтығы (инкорпорация елі) туралы ақпарат беруге, сондай-ақ аталған акционерге қатысты тиімді бақылауды жүзеге асыратын түпкі меншік иелерінің азаматтығы туралы ақпаратты Қоғамның веб-сайтында орналастырылған  https://ir.airastana.com/Ұлттық тиесілілігі туралы ақпаратты ашу талап.docx «Акционер және түпкі меншік иелері туралы мәліметтер» (бұдан әрі – «Ұлттық тиістілігі туралы ақпарат») нысаны бойынша ұсынуға міндетті. «Акционер және түпкі меншік иелері туралы мәліметтер» нысанын толтыру үлгісі: Толтырылған нысан мысалы

 

АЖЖЖ-на қатысуға және дауыс беруге ниет білдірген акционер, бұрын Қоғамға ұлты туралы ақпарат бермеген немесе бұрын берілген ұлты туралы ақпарат өзгертілген жағдайда, Қоғамға ұлттық тиесілігі туралы ақпаратты 2026 жылғы 22 мамырдан кешіктірмей, қазақ, орыс немесе ағылшын тілінде [email protected] электрондық поштасына жіберуге міндетті.

 

Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын акционерлер - жеке тұлғалар бұл талапты орындап, АЖЖЖ-на қатысу үшін тіркелу кезінде Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін ұсыну арқылы қатыса алады.

 

Қоғам Авиация туралы заңның 74-1-бабының 4 және 5-тармақтарының және Қоғам Жарғысының 8.8 және 8.9-баптарының ережелеріне сәйкес еске салады:

 

  1. акционер ұлттық тиесілігі туралы ақпаратты ішінара немесе толық ұсынбаған жағдайда, мұндай акционер: (1) АЖЖЖ кворумын айқындау кезінде есепке алынбайды; және (2) АЖЖЖ-да қаралатын мәселелерді дауыс беруге және (немесе) талқылауға қатысуға құқылы емес;

 

  1. акционердің жалған ақпаратты ұсынған жағдайда, егер бұл ақпараттың жалғандығы АЖЖЖ шешімі қабылданғаннан кейін анықталса: (1) егер мұндай шешім үшін көпшілік дауыс берген акционерлердің дауыстарымен (құжатты бұрмалаған акционердің дауысқа қатысқан акцияларын есепке алмағанда) қабылданған болса, егер кворумды қамтамасыз ету талаптары сақталса, АЖЖЖ шешімі аталған акционердің дауыстарын есепке алмай, қабылданған болып саналады; және (2) егер жалған ақпарат ұсынған акционердің дауысы шешуші болған жағдайда, бұл жағдай АЖЖЖ шешімін жарамсыз деп тануға негіз болады.

Байланыс:

 

Инвесторлармен байланыс қызметі

 

Корпоративтік хатшы қызметі

 

 

[email protected]

 

[email protected]

 

 

 

«Эйр Астана» тобы туралы:

 

«Эйр Астана» тобы Орталық Азия мен Кавказ өңірлеріндегі кірістер көлемі мен әуе флотының мөлшері бойынша ірі авиакомпаниялар тобы болып табылады. Топ 2002 жылы өзінің алғашқы рейсін орындаған «Эйр Астана» АҚ мен 2019 жылы құрылған «FlyArystan» АҚ бюджеттік тасымалдаушысы арасында үлестірілген 63 ұшақтан тұратын әуе кемелерінің паркін пайдаланады. Топ Орталық Азия, Кавказ, Қиыр Шығыс, Таяу Шығыс, Үндістан және Еуропа арқылы ішкі, өңірлік және халықаралық маршруттарда тұрақты, тікелей және транзиттік, қысқа магистральдық және алыс магистральдық авиатасымалдар мен жүк тасымалдарын қамтамасыз етеді. «Эйр Астана» АҚ он төрт рет «Орталық Азия мен ТМД-ның үздік авиакомпаниясы» атанды және Skytrax World Airline Awards нұсқасы бойынша «Орталық Азия мен ТМД-дағы үздік қызмет көрсету» үшін тоғыз рет марапатталды. Skytrax FlyArystan-ды үш рет «Орталық Азия мен ТМД-дағы үздік бюджеттік тасымалдаушы» деп таныды. Сондай-ақ, «Эйр Астана» АҚ APEX ірі авиакомпаниялар санатында бес жұлдызды рейтингке ие. Компанияның бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасында, Astana International Exchange және Лондон қор биржасында (тикер: AIRA) листингтен өтті.